Педофилдердің дені бұрын сотталмаған, орта арнаулы білімі бар жандар

0
1 232

Жыл басынан бері елімізде кәмелет жасына толмаған 550-ге жуық баланың ары тапталыпты.


Педофилдердің дені бұрын сотталмаған, орта арнаулы білімі бар жандар

ииллюстрациялық фото

Ішкі істер министрлігі педофилдердің әлеуметтік портретін жасап шығарды. Ведомствоның зерттеуіне қарағанда азғындыққа баратын еркектердің дені 18 бен 29 жас аралығындағылар екен. Бұған дейін сотталмаған, орта арнаулы білімі бар, құқық қорғау органдарында да бұрын-соңды тіркеуде тұрмаған жандар, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Олар балаларға келгенде ешқашан дөрекі сөйлемейді, керісінше өзіне барынша жақын тартуға тырысады.

Ал құрығына әсіресе жағдайы жақсы отбасынан шыққан, бірақ ата-анасы көп көңіл бөлмейтін 14 жасқа дейінгі балаларды түсіреді екен.

"Қалай айтсақ болады екен, қазір желіде қандай ақпаратты іздесең де, таба аласың. Жыныстық қатынас жайлы үгіт-насихат ашық жүріп, адамдар сондайды көп көрген соң, оны өмірінде қайталауға тырысады. Әрине мұнда алкогольді ішімдіктерге тәуелділік те маңызды рөлге ие. Бұл азғынның да, жәбірленушінің тарапынан алып қарасаң да солай" - дейді ҚР ІІМ Полиция әкімшілігі комитетінің аға инспекторы Рүстем Құттыбаев.
Жыл басынан бері елімізде кәмелет жасына толмаған 550-ге жуық баланың ары тапталыпты. Сорақысы, жыныстық қысымға тап болған жеткіншектердің жартысынан көбі зәбірді бейтаныс біреуден емес, күнде өзінің қасында жүрген ет жақынын көріп келген екен.
Жауапты министрліктің хабарлауынша, мұндай азғындардың санын азайту үшін қазір кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.