Бұндай игі шаралар алдағы уақытта тұрақты жалғасын таппақ.
ERNUR.KZ. Жергілікті полиция қызметкерлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті, деп жазады baq.kz.
Ақтөбе облысы жергілікті полиция қызметі көпбалалы аналарға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының жеке құрамының қолдауымен өткен шара барысында қалада тұратын үш көпбалалы отбасыға материалдық көмек ретінде азық-түлік өнімдері табыс етілді.
«Біз Елбасымыздың көпбалалы аналарға қамқорлық жасау бағытында қолға алған бастамаларын нақты қолдай отырып, 3 отбасына көмек беруді ұйғардық. Оның ішінде екі отбасында мүгедек балалар бар, біреуінде әкелері қайтыс болған. Мұқтаж жандарға әрдайым қолымыздан кегенше қол ұшын беру - біздің азаматтық парызымыз»,- дейді осы шараны ұйымдастыруға бастама көтерген Ақтөбе облысы ЖПБ бастығы Қанат Әлиев.
Бұндай шаралар алдағы уақытта тұрақты жалғасын таппақ.