Полиция зорланған баланың жеке мәліметін таратып жіберді: министрлік түсініктеме берді

0
906

Кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлап, қашып кеткен. Артынан оның өлі денесі табылды.


Полиция зорланған баланың жеке мәліметін таратып жіберді: министрлік түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев ШҚО-да зорланған 7 жасар қыздың жеке мәліметтерінің жариялануына қатысты түсініктеме берді, деп жазады sputniknews.kz.

"Тергеу кезінде осы қылмыстың себеп-салдары анықталады. Содан кейін тиісті шешім қабылданады. Ал жеке мәліметтерді жариялауға қатысты полицейлердің кінәсі дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады", - деді Қожаев журналистерге берген сұхабатында.

Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Дина Смайылова Шығыс Қазақстан облысында болған оқиға жайында баяндаған болатын. 28 қазанда Шемонаиха қаласында 7 жасар қызды зорлап кетті.

"Полиция бағыттаманы таратты. Ол әлеуметтік желілерге де шығып кеткен. Онда арыз жазған адамның аты-жөнін және тұрғылықты жерін ашық көрсеткен", - деп жазды ол.

Келесі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлаған. Ол қылмыс жасағанда мас болды. Артынан оның өлі денесі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салды деген болжам бар.