Қазақстанда өтетін барлық ауқымды іс-шаралар тоқтатылады.
Үкімет басшысының орныбасары Қазақстан халқына той өткізуді кейінге қалдыруды сұрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Бұл қазір ең көп талқыланып жатқан мәселелердің бірі. Қазақстанның барша азаматын бұл уақытта той өткізбеуге, ондай жиындарды кейінге қалдыра тұруға шақырамыз", - деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгінгі өтіп жатқан баспасөз мәлихатында.
Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан қаласында арнайы мәслихат өтіп, онда еліміздегі оқушылар 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында каникулда болатыны айтылды. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық ауқымды іс-шаралардың тоқтатылатыны туралы айтқан болатын.