Президент әкімдерге қатысты жарлыққа қол қойды – құжат мәтіні ертең жарияланады

0
827

Бұған дейін президент Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланатынын мәлімдеді.


Президент әкімдерге қатысты жарлыққа қол қойды – құжат мәтіні ертең жарияланады

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды, деп жазады sputnik.kz

Алайда жарлықтың мәтіні әлі жарияланған жоқ. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, құжат 7 наурыз сағат 8:00-де Ақорда сайтында жарияланады.
Айта кетері, бұған дейін президент Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда 2024 жылдан бастап аудан әкімдері сайланатынын мәлімдеді.
"Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда "келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы" деп айттым. Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар", - деді президент.