Президент ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды

0
655

Мемлекет басшысы мәселені шешу үшін Үкімет пен әкімдерге 5 күн уақыт берді.


Президент ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысында, ауыр дертке шалдыққан азаматтардың саны көбейіп кеткеннен кейін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесінің күн тәртібіне шыққанын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекеттік органдардың тарапынан үйлестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, халық бұл мәселені өз бетімен шешуге талпынуда. Бұл ешқандай қисынға сай келмейді! Азаматтар өндірістік баллондарға құйылған оттегі сатып алып жатыр. Бұл – ауруханалардың тікелей міндеті. Жеке үйлер мен пәтерлерде өндірістік баллондардағы оттегіні пайдалану деректері анықталған. Үкімет пен әкімдер бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және үй жағдайында оттегі баллондарын пайдалану проблемаларын шешуі керек", – деді Мемлекет басшысы.