Президент елордаға сенбі күні оралады.
Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр.

Президент елордаға сенбі күні оралады.



