Президент сайлауы: түске дейін халықтың 51 пайызы дауыс беріп үлгерді

0
681

Кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.


Президент сайлауы: түске дейін халықтың 51 пайызы дауыс беріп үлгерді

ERNUR.KZ. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында қазақстандықтардың 51,16%-і дауыс берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 51,16-і немесе 6 113 621 азамат бюллетень алды", - деп мәлімдеді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.

Өңірлер арасында Түркістан (76,61%), Абай (69,32%), Ұлытау (68,32%) және Қызылорда (59,18%) облыстары көш бастап тұр. Ал Алматы қаласы сол күйі аутсайдер. Қала тұрғындарының 24,17 пайызы ғана дауыс берген.

Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды.
Кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады.