Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін неміс боксшысы Винченцо Гуальтьериді жеңіп, WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді иеленген Жәнібек Әлімханұлын құттықтады, деп жазады Kazinform.
«Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтаймын. Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» деп жазды Мемлекет басшысы X (бұрынғы Twitter) парақшасында.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.