Прокурор соттан Бақытгүл Хаменованы 7 жылға соттауды сұрады

0
528

31 қазанда Хаменованың ісі бойынша тараптардың сөзжарысы басталды.


Прокурор соттан Бақытгүл Хаменованы 7 жылға соттауды сұрады

ERNUR.KZ. Атырау қаласының №2 сотында прокурор Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованы мүлкін тәркілеп, белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыру арқылы 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп жазады ulysmedia.kz.

Бүгін, 31 қазанда Хаменованың ісі бойынша тараптардың сөзжарысы басталды. Айыптау сөзін прокурор Лаура Асанова оқыды.

«Мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырумен 7 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Орташа қауiпсiздiгi бар мекемеде анықтау мерзiмiн өтеу жазасы белгіленсін. Хаменованы да «Құрмет» орденінен айыру туралы өтініш берілсін. Хаменованы қамауға алу уақытына қамауда ұстаудың 1 тәулік есебімен жаза мерзімі 1,5 тәулікке есептелсін. Сотталушымен кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге шегеруді сұраймын», - деді прокурор Лаура Асанова.

Прокурор сонымен бірге облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті де 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Пара берді деген күдікке ілінген Адамовты прокурор 4 жылға қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуді ұсынады.