​ҚРДСМ менингококке байланысты ораза ұстауды тоқтатуға шақырды

0
3 367

Бұл індет емес.


​ҚРДСМ менингококке байланысты ораза ұстауды тоқтатуға шақырды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингококк инфекциясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Барлық өңірді бақылап отырмыз. Таңғы уақыттан бері еліміз бойынша 55 дерек тіркелді. Менингококк инфекциясы ең көп тіркелген өңір - Алматы, онда 31 жағдай тіркелді. Ақмола облысында - 2, Ақтөбеде - 3, Алматы облысында - 3, ШҚО-да - 4, Жамбыл облысында - 1, Қарағандыда - 1, Павлодарда - 2, ОҚО-да - 4, Астанада - 4. Бірақ бұл індет емес," - деп жауап берді министр журналистерге.

Сондай-ақ, министр ауа райына байланысты мұндай жағдайлардың әлі де тіркелетінін жоққа шығармады.

"Дүйсенбіде Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен және біздің комитеттегілермен бірге осы жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарларды бекіттім. (...), - деді Біртанов.

Сондықтан министр ата-аналарға балаларымен бірге көп адам жүретін жерлерге бара бермеуге кеңес берді.

"Мешіттегілерден бөлмені желдетіп тұруларын сұрадық. Сондай-ақ, Мұсылмандар діни басқармасының өкілдеріне студенттерден ораза ұстауды тоқтатуларын сұрауды өтіндік. Себебі ораза кезінде организм өзгереді, иммунитет де өзгереді", - деді ведомство басшысы.

Мұнымен қоса, Біртанов ораза кезінде саяхаттамауға кеңес берді.