Реанимацияда 230 науқас жатыр, дейді басқарма басшысы.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов коронавирус бойынша реанимацияда жатқан елордалықтардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгінде реанимацияда 230 науқас жатыр. Оның 47-сі өкпені инвозирлік желдеткіш құралға жалғанған. Яғни, жағдайы ең ауыр, тұрақсыз науқастар осылар. Олардың ішінде вакцина алған сырқаттар жоқ», - деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ол елордалықтар арасында вирусқа қарсы ұжымдық иммунитет қалыптасуы үшін неше адамның екпе алуы керектігін еске салды.
«Қала бойынша 320 мың адам вакцинаның бірінші компонентін алса, 200 мыңнан астамы толық иммундаудан өтті. Вакцинация ұжымдық иммунитет пайда болған кезде тиімді болатынын еске салғым келеді. Яғни, астана халқының 60 пайыы екпе алуы керек. Бұл біздің қала үшін 650 мыңдай адам. Сол кезде ғана біз қауіпсіз өмір сүре аламыз», - деді Тимур Мұратов.