Ресми түрде: Тоқаев сайлауда 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті

0
524

Нұрлан Әбдіров хаттамалардың түпнұсқасы барлық облыстардан ОСК-ға жеткізілгенін айтты.


Ресми түрде: Тоқаев сайлауда 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті

ERNUR.KZ. ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров ведомство отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан президенті сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады, деп жазады zakon.kz.

Нұрлан Әбдіров хаттамалардың түпнұсқасы барлық облыстардан ОСК-ға жеткізілгенін айтты.

Жалпы оның айтуынша, 8,3 миллионнан астам адам немесе сайлаушылардың 69,44 пайызы дауыс берген.

Дауыстар келесідей бөлінді:
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,31 пайызы дауыс берді.
  • Қарақат Әбденге сайлаушылардың 2,6 пайызы дауыс берді.
  • Нұрлан Әуесбаев сайлаушылардың 2,22 пайызы дауыс берді.
  • Жигули Дайрабаев сайлаушылардың 3,42 пайызы дауыс берді.
  • Мейрам Қажыкен сайлаушылардың 2,53 пайызы дауыс берді.
  • Салтанат Тұрсынбекова сайлаушылардың 2,12 пайызы дауыс берді.
  • «Барлығына қарсы» деген бағанды сайлаушылардың 5,8 пайызы таңдаған.

Еске салайық, 20 қарашада ОСК мәліметінше, 8,3 миллион қазақстандық өз дауыс беру құқығын пайдаланған. Қазақстанда сайлаушылар тізіміне 11,9 миллионнан астам адам енгізілген.