Respublica партиясы мәслихат сайлауына қатыса алмайды

0
1 256

Қазақстанның басқа бес саяси партиясы мәслихаттар сайлауына еш шектеусіз жіберілді.


Respublica партиясы мәслихат сайлауына қатыса алмайды

ERNUR.KZ. 19 наурызда өтетін мәслихат депутаттарын сайлауға Respublica партиясы қатыса алмайды және «Байтақ» жасылдар партяисының қатысуына шектеу бар, деп жазады inform.kz.

«Байтақ» саяси партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелерінің болмауына байланысты, тек Атырау, Қарағанды және Қызылорда облыстарында мәслихат депутатын сайлауға қатыса алады. Respublica партиясы тиісті құрылымдық бөлімшелердің болмауына байланысты мәслихат сайлауына жіберілмеді», - деп түсіндірді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Төраға мәслихаттарға депутат кандидаттарын ұсыну кеше 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанға дейін жалғасатынын атап өтті.

«Байтақ» және Respublica партиялары осы кезеңде өңірлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін ашып үлгерген жағдайда тиісті сайлауға қатысуға рұқсат ала алады.

Қазақстанның басқа бес саяси партиясы мәслихаттар сайлауына еш шектеусіз жіберілді. Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына мына партиялар қатысады:

- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы;

- «AMANAT» партиясы;

- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

- «Байтақ» Жасылдар партиясы;

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;

- Қазақстан Халық партиясы.