Бұл туралы 2 қаңтарда полицейлер мәлімдеді.
Видео кадры
ERNUR.KZ. Риддерде 31 желтоқсанда жоғалған жасөспірім екі күннен кейін аман табылды, деп tengrinews.kz.
Бұл туралы 2 қаңтарда полицейлер мәлімдеді.
"2025 жылғы 31 желтоқсанда полицияға Риддер қаласында оқу орнына барғаннан кейін үйіне қайтпаған кәмелетке толмағанның жоғалғаны туралы хабарлама түсті", - делінген материалда.
Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегімен іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, қызды тауып, оны үйіне жеткізді.
"Учаскелік полиция инспекторлары жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді, қауіпсіздік ережелері мен болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар түсіндірді", - деді полицейлер.
Құқық қорғау органдары іздеуге көмектескеннің барлығына алғыс айтып, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қадағалауды, олармен тұрақты байланыста болуды және қандай да бір күдік туған жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға дереу хабарласуды еске салды.


