Оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертуге де құлақ аспаған.
ERNUR.KZ. Риддер қалалық сотында билік өкілін қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz.
Сот мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны түнгі уақытта "102" арнасына бірнеше рет қоңырау шалып, жедел кезекші қызметкердің көмекшісіне боқтық сөздер айтқан.
Сот барысында ер адам істеген ісіне өкінетінін білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.
“Айыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы істі жеңілдететін мән-жай ретінде есептелді. Сот оған 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады, – делінген хабарламада.


