Риддердегі Мәңгілік алауда ет пісірген ер адам ұсталды

0
77

Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алған.


Риддердегі Мәңгілік алауда ет пісірген ер адам ұсталды

Фото: Instagram @mg_ridder

ERNUR.KZ. Риддерде Даңқ мемориалын қорлаған азамат ұсталды. Ер адам Мәңгілік алауда ет пісіріп, мемориалдық нысан аумағында қоқыс қалдырып кеткен, деп жазады tengrinews.kz.

Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, куәгерлерден жауап алған. Жедел іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Тәртіп бұзушы "Ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау" бабы бойынша жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген хабарламада.

Полиция кез келген құқық бұзушылық әрекеттердің жолы кесіліп, кінәлілер белгіленген тәртіпте жауапқа тартылатынын еске салды.