Риддердегі жаңа аурухана: 50 мыңнан астам тұрғын алғаш рет мамандандырылған көмекке қол жеткізе алады

0
76

Бұрын Риддердің ауруханалық инфрақұрылымы тозып, адамдар медициналық көмекке облыс орталығына және басқа қалаларға баруға мәжбүр болды.


Риддердегі жаңа аурухана: 50 мыңнан астам тұрғын алғаш рет мамандандырылған көмекке қол жеткізе алады

ERNUR.KZ. Риддердің 50 мыңнан астам тұрғыны алғаш рет заманауи медициналық технологияларға және мамандандырылған көмектің кең спектріне қол жеткізе алады. Мұнда мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің есебінен ауданы 40 мың шаршы метр аурухана кешені салынды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бұрын Риддердің ауруханалық инфрақұрылымы тозып, адамдар медициналық көмекке облыс орталығына және басқа қалаларға баруға мәжбүр болды. Қазір бұл заманауи көпбейінді медициналық кешен, оның ішінде 200 төсек-орынға дейін кеңейтілген стационар, диагностика мен емдеуден бастап оңалтуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын ересектер мен балаларға арналған бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхана орналасқан.

Қала тұрғындары үшін инсульт орталығының, реанимация және қарқынды терапияның, перзентхананың, төрт залға арналған операциялық блоктың, жедел жәрдем қабылдау-диагностикалық бөлімшесінің болуы ерекше мәнге ие.

Аурухана 128 бөлімді КТ, цифрлық рентген жүйелері, маммография, эндоскопиялық және лапароскопиялық жабдықтар, неонаталдық көмек және қарқынды терапия аппараттарын қоса алғанда, ең жаңа жабдықтармен жарақтандырылған.

Жаңа медициналық кешенде 530-дан астам маман жұмыс істейтін болады.