Сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдікті анықталды

0
1 143

Бала табылған кезде клиникалық өлім жағдайында болған.


Сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдікті анықталды

ERNUR.KZ. Баланы қоқыс жәшігіне қалдырған күдіктіні Қостанай полициясы анықтады, деп жазады baq.kz.

Шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде Қостанайдың полиция басқармасы 26 жасар қала тұрғынын анықтады. Сотқа дейінгі тергеу істі Қылмыстық кодекстің 100 (Жаңа туған сәбиді анасының өлтіру) бабы бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, тергеу жалғасуда, - деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Бұл бап бойынша төрт жылға дейін еркіндікті шектеу немесе осы мерзімге еркіндіктен айыру жазасы қарастырылған. Жаңа туған сәби 23 қараша күні "Әуежай" ықшамауданындағы қоқыс жәшігінен табылған. Бала ол сәтте клиникалық өлім жағдайында болған.

Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылғаны туралы осыған дейін жазғанбыз.