САЙЛАУ: Мейрам Қажыкен Сәтбаев қаласында болды

0
1 067

Кәсіподақ қызметі тақырыбында көп пікір алмасты.


САЙЛАУ: Мейрам Қажыкен Сәтбаев қаласында болды

Мейрам Қажыкен Сәтбаев қаласында 83 жастағы еңбек ардагерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ұлытау облысында жалғасты. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, қаланың құрметті азаматы Яхия Асатовтың шаңырағына барды.


Үміткер қарияға құрмет көрсетіп, тау-кен өндірісінің барлық кезеңдеріне куә болғанын еске алып, энергетикалық қызметте еңбегінің орасан зор екенін атап өтті. Бүгінде 83 жастағы Я.Асатов «Қазақмыс» корпорациясының ардагер қызметкері, Ұлытау-Жезқазған өңірінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі болып саналады. Ол екі рет Оңтүстік кені кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланған.


Кездесу барысында М. Қажыкен ақсақалға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Яхия Жақыпбекұлымен әсіресе кәсіподақ қызметі тақырыбында көп пікір алмасты.