Ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды.
Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасып, алғашқы нысан «Семей инжиниринг» зауыты болды.
Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды.
Айта кетейік, бұл зауыт 1987 жылы ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін «бронды жөндеу зауыты» деп аталған.