Жиында түрлі проблема көтерілді.
Салтанат Тұрсынбекова алматылық құқық қорғаушылармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жиынға құқық қорғаушылар, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың құрылтайшылары, қоғамдық пікір жетекшілері келіп, өз пікір-ұсыныстарын білдірді.
Олардың қатарында халықаралық заңгер Халида Әжіғұлова, «Мой дом» қоғамдық қорының негізін қалаушы Елена Белоконь, көп балалы ана және алматылық ата-аналар қоғамдастығының өкілі Ирина Ким, ТжКБ қоғамдық қорының құрылтайшылары Мөлдір Жұмабаева және Зорлық-зомбылық және гендерлік теңдік мәселелерімен айналысатын Кирилл Вшивков және т.б. бар.
Кездесуге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық, толық емес отбасылар, көп балалы, жалғыз басты аналар, жеңілдікпен ипотека, әлеуметтік баспана, адам саудасы, балалар құқығын қорғау, кедейлік пен табыс теңсіздігі, дарынды жастарды қолдау қиындығы және олардың елден кетуі мәселелерін көтерді.