Салтанаттың өлімі: Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот тергеуі аяқталды

0
379

Байжанов өзіне тағылған екі айыпты мойындамайтынын айтты.


Салтанаттың өлімі: Бишімбаев пен Байжановқа қатысты сот тергеуі аяқталды

ERNUR.KZ. Судья Айжан Құлбаева Бишімбаев пен Байжановқа қатысты өтіп жатқан сот тергеуінің аяқталғанын айтты, деп жазады baq.kz.

Ол аталмыш іс бойынша шешім шығарар алдында айыпталушы Бишімбаев пен Байжановқа өздеріне тағылған айыппен келісіп не келіспейтіндерін сұрады.

Мен өзіме тағылған айыпты, яғни Салтанат Нүкенованың өліміне әкеліп соққан соққылар жасағанымды мойындаймын. Бірақ оны әдейі, аса қатыгездікпен жасады деген айыппен келіспеймін, - деді Бишімбаев.

Судья айыпталушының позициясын нақтылау мақсатында сұрақ қойды.

Сіз сараптама көрсеткендей денсаулыққа ауыр зиян келтіретін дене жарақаттары мен соққыларды жасадыңыз. Ал ол алған соққылардан қайтыс болды. Міне, сіз мұны мойындайсыз ба?, - деді ол.

Бишімбаев бұл сауалға "иә" деп жауап берді.

Ал Байжанов өзіне тағылған екі айыпты мойындамайтынын айтты.

Мен жедел-жәрдемді ертерек шақыруыма болатын еді. Осы тұрғыда мен кінәлімін. Ал маған тағылған екі айыппен мен келіспеймін, - деді ол.

Сондай-ақ судья сот тергеуінің аяқталғанын айтып, сот талқысы үшін 29 наурызға дейін уақыт берілетінін хабарлады.

Сот тергеуі 27 наурыздан бастап 17 отырыс өткізді. Сот бұл уақытты істі сот талқысына жіберуге жеткілікті деп санайды. Сот талқысы 29, 30 сәуір мен 2,3,4 мамыр күндері болады, - деді ол.