Сәтпаевта үш жыл бұрын дәл осы күні 5 жасар қыз педофилдің құрбаны болған: Оқиға қайталанды ма

0
1 377

Полиция 50 жастағы ер адамды ұстады, ол кәмелетке толмаған баланы алдап, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын, пәтерге ертіп келгенін мойындаған.


Сәтпаевта үш жыл бұрын дәл осы күні 5 жасар қыз педофилдің құрбаны болған: Оқиға қайталанды ма

ERNUR.KZ. 2017 жылдың 24 шілдесінде 50 жастағы азамат 5 жастағы қызды зорлаған. Араға үш жыл салып, оқиға қайталанғанын айтып Сатпаев тұрғындары дабыл қақты, деп жазады Stan.kz.

2017 жылы полиция бес жасар қызға сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен Қарағанды облысының Сәтпаев қаласының 50 жастағы тұрғынын ұстады.

Сәтпаев қаласының 40 жастағы тұрғыны қызының жоғалып кеткені туралы арыз түсірді. Оқиғаны полиция қызметкерлері бақылауына алған. Кәмелетке толмаған қыздың жоғалып кеткен ауданында тергеу жұмыстары жүргізіліп, мәселенің мән-жайы анықталды.

Тергеу жедел тобы қызды алып кеткен пәтерді анықталды. Полиция 50 жастағы ер адамды ұстады, ол кәмелетке толмаған баланы алдап, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағанын, пәтерге ертіп келгенін мойындаған.

Кеше түнде дәл осы оқиға қайталанды деп қала тұрғындары ашынды. Сәтпаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кеттіп, кейіннен қыз басқа біреудің пәтерінен табылды. Алайда, қызға зорлық-зомбылық көрсетіліп, көрсетілмегені әлі де белгісіз.

Оқиға 23 шілдеде 21:00-де орын алған. Полицияның мәліметінше, қыздың әкесі, Жезқазған қаласының тұрғыны, полицияға тиісті арызбен жүгінген. Іздеу жұмыстары басталды, оған тек полицейлер ғана емес, еріктілер де қатысты. Нәтижесінде бала көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылды. Полицияның мәліметінше, бала қазір ауруханада қаралып жатыр. Сондай-ақ, полиция қызды ұрлап кеткен күдіктіні ұстаған.

Оқиғаның мән-жайы толық белгілі болмаса да, қала тұрғындары екі оқиғадан ұқсастық іздеп, өзінің наразылықтарын жеткізіп жатыр.


"Мұндай оқиға біздің қаламызда 3 жыл бұрын болған. Яғни, 2017 жылы. Дәл осы күні 24 шілдеде", - деп жазды желідегілер.


Естеріңізге сала кетейік, 5 жастағы қыздың мәселесіне қатысты қала тұрғындары наразылық білдіріп, арты тәртіпсіздікке ұласқан.