Сау тамтығы қалмаған екі көліктегі 7 адам тірі қалған: СҚО ауылында қорқынышты жол апаты болды (ВИДЕО)

0
108

​Полиция жүргізушілерді мұқият болуға шақырды.


Сау тамтығы қалмаған екі көліктегі 7 адам тірі қалған: СҚО ауылында қорқынышты жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. «Петропавл – Көкшетау» тасжолындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Астраханка ауылының маңында Mazda және Toyota Estima автокөліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі мен Toyota Estima салонында болған жеті адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», - деп атап өтті полиция өкілдері.

Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтау, жол және ауа райы жағдайын ескеру, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шықпау және рөлде барынша мұқият болу қажеттігін еске салады.

Бұған дейін Ақмола облысындағы жол апатында алты жасар бала мен екі ересек адамның тірідей өртеніп кеткені хабарланған болатын.