Семейде әкім сайлауы өтіп жатыр

0
80


Семейде әкім сайлауы өтіп жатыр

© Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Семей халқы қала әкімін сайлап жатыр, деп жазадв Sputnik Қазақстан.
Өз әкімін сайлау қала тарихында тұңғыш рет болып жатқан жағдай. Қазіргі уақытта қалада 128 сайлау учаскесінда дауыс беріліп жатыр. Оның ішінде 110 - ашық, 18 - азаматтардың уақытша болатын жеріндегі учаске, ол жабық, дейді қалалық әкімдік.
Комиссиялар құрамында 929 азамат бар. Ал сайлаушылар саны – 220 761 адам.
Барлық сайлау учаскелері кеңсе тауарларымен, ақпараттық стендтермен, дауыс беру жәшіктерімен және жасырын дауыс беру кабиналарымен қамтылған.
Қала әкіміне үміткер:
Әділет Қожанбаев - Көкпекті ауданының қазіргі әкімі
Айболат Бекжасаров - Семей қалалық мәслихатының бұрынғы төрағасы
Қаныш Төлеуов - геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры.