Семейде бір үйдің екі адамы пештен шыққан ысқа уланып қалды

0
532

Абай облысының ТЖД жеке тұрғын үй иелерінен пешті пайдалану кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін ескертті.


Семейде бір үйдің екі адамы пештен шыққан ысқа уланып қалды

ERNUR.KZ. 5 ақпан күні Семейде бір ересек адам мен жасөспірім пештен шыққан ысқа уланып қалды, деп жазады zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 5 ақпанында жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен жедел жәрдем бригадасы Козбагаров, 23 мекенжайына барғаны жөнінде хабарлама түскен. Онда екі адам пештен шыққан түтінге уланып қалған.

Осыған орай Абай облысының ТЖД жеке тұрғын үй иелерінен пешті пайдалану кезінде мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін ескертті:

  • жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмау қажет;
  • пеш қалауында жарықтардың болуы, бітелген мұржа қайғылы салдарға әкелуі мүмкін;
  • пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға;
  • көмір жанып біткенше пеш жапқышын жаппаңыз;
  • жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы төсемеге орналастыруға болмайды;
  • жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге болмайды;
  • күл мен қожға су төгіп, қауіпсіз жерге шығару қажет;
"Естеріңізде болсын, улы газ қауіпті, ол тез әрі білінбей әрекет етеді, сондықтан өміріңіз бен денсаулығыңыз қабылданған шаралардың жылдамдығына байланысты. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!", - дейді Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті.