Семейде көшеде ер адамды пышақтап кетті

0
117

Екі адам танысын ұрып-соғып, оған бірнеше пышақ жарақатын салған.


Семейде көшеде ер адамды пышақтап кетті

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Семейде полиция бөлімінің алдында ер адамды ұрып-соғып, пышақтап кетті, деп жазады sputnik.kz.
Қылмыстық оқиға Семей қаласының орталығында, Дулатов пен Қозбғаров көшелерінің қиылысында болған. Дәл осы қиылыста, жолдың қарама-қарсы бетінде орталық полиция бөлімінің ғимараты орналасқан.

Екі адам танысын ұрып-соғып, оған бірнеше пышақ жарақатын салған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған.
"Күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс жеке қарым-қатынастағы келіспеушіліктер негізінде болған", - дейді ведомстводағылар.
Тергеу жүріп жатыр. Полция термеу мүддесінде басқа фактілер жария етуге жатпайтынын хабарлады.