Семейде жеңіл көлік жарылды

0
1 215

Өрттің себебі "қауіпті қондырғыны абайсызда ұстау", яғни қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдары мен агрегаттарының қысқа тұйықталуы.


Семейде жеңіл көлік жарылды

ERNUR.KZ. Семейде көлік жарылды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 14 қазанда сағат 20:45 шамасында Қабанбай батыр көшесінде, №1 автобустар паркі маңында болған. Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер мен құтқарушылар Opel Vectra автокөлігін тапты, оның салоны мен ішкі панелі жанып жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, өртсөндірушілер келгенге дейін жанып жатқан көлікте шағын жарылыс болған. Сағат 20:58-де өрт оқшауланып, сағат 21:00-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік жанып кеткен.

Өрттің себебі "қауіпті қондырғыны абайсызда ұстау", яғни қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдары мен агрегаттарының қысқа тұйықталуы.