Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды

0
824

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, облыс орталығын Түркістан қаласы етті.


Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды

ERNUR.KZ. Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру ұсынылды, деп жазады zakon.kz.

"Өткен жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, облыс орталығын Түркістан қаласы етті. Бұл бүкіл аймақтың дамуына себеп болды. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы заңға сәйкес, республикалық маңызы бар қала мәртебесі халқы миллион адамнан асатын қалаларға немесе ерекше мемлекеттік маңызға ие қалаға беріледі. Біз Семейді ерекше маңызы бар қала деп санаймыз. Сондықтан біз Семейге ерекше мәртебе беру туралы мемлекет басшысының атына ұсыныс жасауды сұраймыз", - деді депутат Азат Перуашев.

Мәжіліс депутаты Семей ұлы Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің, Әлихан Бөкейхановтың ғана туған жері емес, сонымен бірге ол "Алаш Орда" ұлттық идеологиясының бесігі екенін еске салды.