Дауыс беру 14 қаңтарда өтеді.
ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссияясы отырысының күн тәртібінде 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі мәселелер қойылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Қарашаның 29-нан бастап кандидаттарды ұсыну басталады. Ол 14 желтоқсанға дейін кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 13 қаңтар тыныштық күні деп танылды. Ал дауыс беру 14 қаңтар күні деп белгіленіп, сайлау қорытындысы 20-шы қаңтарға дейін шығарылады деп күтіліп отыр», - деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Сенат депутаттағына үміткер 30-ға толған, жоғары білімі бар, ееңбек өтілі 5 жылдан кем емес азамат болуы керек.