​Сэндвичтен ішек таяқшасы табылды

0
2 174

Түрлі сауда нысандарынан алынған сэндвичтердің үш сынамасынан ішек таяқшалары мен микробтар табылған.


​Сэндвичтен ішек таяқшасы табылды

Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын сақтау департаменті өңірдегі азық-түлік өнімдеріне сараптама жүргізді. Соңғы бес ай бойы сауда нысандарында жүргізілген зерттеу өнімдердің 14 пайызының талаптарға сай келмейтінін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сараптама нәтижесі бойынша, Базылбеков М.Г. жеке кәсіпкерлігінің шығарған өнімдері талапқа сай болмай шыққан. Түрлі сауда нысандарынан алынған сэндвичтердің үш сынамасынан ішек таяқшалары мен микробтар табылған. Тексеру барысында Базылбеков М.Г. жеке кәсіпкерлігі көрсетілген мекенжайда жоқ болып шықты. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кәсіпорын өз қызметін бастағаны туралы аумақтық қоғам денсаулығын сақтау басқармасына ескертпеген. Аталмыш факті бойынша материалдар Қарағанды қалалық ІІБ-ге жолданды», - деп хабарлады облыстық қоғам денсаулығын сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент отандық және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің техникалық регламенттерге және гигиеналық норматив талаптарына сәйкестігі бойынша зерттеулер жүргізді. Ведомствода мәлім еткендей, талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлік өнімдерінің негізгі үлесі ет өнімдеріне (32,9%) тиесілі. Ал, құс өнімдері - 16,8%, балық өнімдері - 14,9%, сүт өнімдері - 12,2%, кондитерлік өнімдер - 6,8% , ұннан жасалған өнімдер - 3%, аспаздық өнімдер - 3,4%, май өнімдері - 2,2%, басқа өнімдер - 7,8%-ды құраған.