Сербияда Тоқаевтың құрметіне "Белград мұнарасы" Қазақстан жалауының бейнесіне "енді"

0
206

Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі.


Сербияда Тоқаевтың құрметіне

Сурет: akorda.kz

ERNUR.KZ. 18 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында Сербия астанасының символы болып табылатын 168 метрлік "Белград мұнарасы" көкке боялып, Қазақстан жалауының бейнесіне "енді", деп жазады zakon.kz.

Ақордада атап өткендей, Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі.

"Мұндағылар президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияны ерекше қарсы алды. Сербия астанасының символына айналған ең әсем ғимарат - "Белград мұнарасы" көкке боялып, көп ұзамай Қазақстан туының бейнесіне айналып шыға келді", делінген хабарламада.

168 метрлік мұнара жақында – 2024 жылдың 15 қазанында ашылды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қарашада Сербияға ресми сапармен барды. Белград әуежайында Мемлекет басшысын Сербия президенті Александр Вучич қарсы алды.