Жер қойнауын игеріп жатқан басқа да компанияларға қатысты қосымша талаптар мен міндеттер енгізіледі.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен арадағы келісімшартқа өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Жақында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен рәсімделген жер қойнауын игеру бойынша келісімшарт қайта қаралды. Оған алғаш рет қосымша талаптар енгізіліп отыр.
"Атап айтқанда, жыл сайын көмір өндірісін жаңғырту шараларына жыл сайын 150 млрд теңге бөлу, сондай-ақ көмір қыртыстарының дегазациясына 37 млрд бөлу міндеті бар. Бұрын ондай талаптар болған жоқ", - деді Смайылов сенаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, жер қойнауын игеріп жатқан басқа да компанияларға қатысты қосымша талаптар мен міндеттер енгізіледі.