Әлеуметтік желіде шетелдік турист танымал Асы үстіртінде шашылып жатқан қоқысты жариялаған болатын.
ERNUR.KZ. Асы үстірті аумағында демалушылардың көбі орындарын жинамайды. Күл-қоқыстарын сол күйі тастап кетеді, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде шетелдік турист танымал Асы үстіртінде шашылып жатқан қоқысты жариялаған болатын.
«Асы үстірті – Сіздердің еліңіздің інжу-маржаны, бірақ бұл жерлерді шошқа қора сияқты ұстасаңдар, турларыңнан не пайда? Жұмыс күндері тазалауға барып, бірнеше дәретхана орнатуға болады ғой ? Сіздер осы табиғат аясына көп адам апарасыздар, демалыс күндері бұл жерге 1000-1500 адам жиналады, шынымен де жиналып, бұл мәселелерді шешу мүмкін емес пе?», - деп сұрады шетелдік турист қыз.
Алматы облысының әкімдігі Асы қыратының аумағында кемпингтер орнату бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Демалыс күндері 11-13 тамыз аралығында ауқымды тур ұйымдастырылды. Бұл табиғаттың ластануына әкелді. 15 тамызда туристер қалдырған қоқыстарды тазалау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық саябағының өкілдерімен бірлесіп сенбілік өткізді. Аталған шараға 43 мың адам тартылды. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, барлық аумақ тазартылды», - деп түсіндірді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Асы үстірті Кіші Түрген өзенінен бастау алып, 60 шақырым жерге созылып жатыр. Үстірт 2800-3200 метр биіктікте орналасқан.