ШҚО-да 3 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр

0
612

Аймақта бүгінде медицина саласында 266, білім беру саласында 350 маман жетіспейді.


ШҚО-да 3 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам бос жұмыс орны тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Аймақта бүгінде медицина саласында 266, білім беру саласында 350 маман жетіспейді. Дегенмен де жоғары техникалық құралдарда жұмыс істейтін, әрі сандық технологияны игерген жұмысшылар тапшылығы ерекше байқалады. Өйткені шаһарда алпауыт өндіріс орындары көп. Олар заман талабына сай жаңару үстінде. Сондықтан кейбір зауыт басшылығы техникалық колледжерге жаңа құрал-жабдық нұсқаларын қойып, өздерін болашақ кадрлермен қамтудың қамына кірісті. Ал енді бірі өз іштерінде оқыту орталықтарын ашып, жас мамандарды автоматизацияға негізделген жабдықтарда оқытуда. Бұл қымбат жоба болғанмен, алдағы уақытта бөлінген қаржы ақталады деген сенімде.
– Біздің компания үздіксіз дамуда. Сол себепті білікті мамандар үнемі керек, өкінішке қарай, жоғары оқу орындары қазіргі заман талабынан шығып үлгермей жатыр. Ақпараттық технология бойынша жұмыс істейтін жұмысшылар жоқтың қасы. Осыған орай өз ішімізден IT орталық ашуымызға тура келді. Әрине бұл өте қымбат жоба, бірақ компаниямыздың болашағын білімді қызметкерлермен қамту бәрінен маңызды деп ойлаймын, - дейді инженерингтік компанияның даму бойынша директоры Зоя Новолодская.