Полицейлер азаматтың өлімінің мән-жайын анықтау үстінде.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында былтыр күзде жоғалып кеткен ер адамның сүйегі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны Евгений Беспалов 2021 жылдың 27 қазанында үйден шығып кетіп, сол күйі жоғалып кеткен. Полицияның мәліметінше, ер адамның әйелі іздеуге арыз берген.
«Осы уақыт бойы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп келді. 2022 жылы 30 сәуірде Ертіс өзенінен 500 метр қашықтағы Бейбітшілік аралында ер адамның сүйегі табылды. Әйел оның жоғалып кеткен күйеуі екенін мәлімдеді», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер азаматтың өлімінің мән-жайын анықтау үстінде.