Семейдегі екі ауыл – Қараөлең және Социалистік Қазақстан ауылдарының жойылғаны туралы да хабарланды.
ERNUR.KZ. Зайсан ауданы мен Семейдің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы облыс әкімдігінің бірлескен қаулысы мен мәслихаттың шешімі жарияланды, деп жазады zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Зайсан ауданындағы келесі елді мекендер бұдан былай "өзге де елді мекендер" санатына жатқызылды:
• Сарытерек ауылдық округінің Жаңабаз ауылы;
• Айнабұлақ ауылдық округінің Талды, Сарытұмсық ауылдары;
• Кеңсай ауылдық округінің Саршы ауылы.
Осылайша Жаңабаз кенті Көгедай ауылының құрамына енді; Талды және Сарытұмсық – Айнабұлақ ауылының құрамында, Саршы енді Кеңсай ауылының құрамына енді.
Семейдегі екі ауыл – Қараөлең және Социалистік Қазақстан ауылдарының жойылғаны туралы да хабарланды.