Синоптиктер 24-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
735

Оңтүстікте ыстық ауа райы сақталады.


Синоптиктер 24-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" орталығы мамандары 23-25 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Суық атмосфералық фронттың өтуімен Қазақстанның солтүстік бөлігінің кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр және ауа температурасының түнде 5…10, күндіз 22…27 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Республиканың оңтүстігінде ыстық ауа райы сақталғанымен, жекелеген аудандарда найзағаймен өткінші жаңбырдың болуы да ықтимал", - деді синоптиктер.