Синоптиктер Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді (видео)

0
2 471

1-6 қаңтар аралығында қалада ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясының асып кетуі тіркелген.


Синоптиктер Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда 2021 жылдың алғашқы күндері тұмша байқалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Таяуда қаладағы лас ауа көрсетілген ұшақтан түсірілген кадрлар пайда болды. Осы видеодан соң әлеуметтік желі қолданушылары Алматы әуе бассейнінің түтіні мен ластану деңгейін талқылап жатыр.

Роликтің биыл 5 қаңтарда түсірілгені айтылады.

"Алматыдағы тұмша, біз осымен дем аламыз. Бұл сұмдық, дереу бірдеңе жасау керек. Біз кімге айналып барамыз деп ойлайсыз?"- делінген Instagram желісіндегі видеоның сипаттамасында.



"Қазгидромет" өкілдері Алматыдағы тұмшаның себебін түсіндірді.

Синоптиктердің мәліметінше, 1-6 қаңтар аралығында қалада ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациясының асып кетуі тіркелген. Мұндай жағдайлар көбіне "Алматы Арена" мұз кешенінің маңында, Президенттік саябақ ауданында, Шаңырақ-2 шағын ауданында және әуежай маңында тіркелген.

"Алматыдағы ауа райына Сібір антициклоны әсер етті. Оған қоса, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болды. 1-2 қаңтарда 500 метр көрінетін тұман, секундына 0-3 метр әлсіз жел байқалды. Ауа температурасы түнде 10 градустан 17 градусқа дейін төмендеді", - деді синоптиктер