Синоптиктер Қазақстанда күн суытатынын ескертті

0
299

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.


Синоптиктер Қазақстанда күн суытатынын ескертті

ERNUR.KZ. Синоптиктер 26 сәуірде Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, деп жазады tengrinews.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігіне әлі де оңтүстік циклон әсер етеді және атмосфералық фронттарға байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады. Тек еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Ұлытау облысының шығысында түнде 2 градус аяз күтіледі", - делінген хабарламада.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, орталықта, шығыста, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.