Синоптиктер күн райы күрт өзгеретінін болжады

0
1 005

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде қар жаууы мүмкін.


Синоптиктер күн райы күрт өзгеретінін болжады

ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 10-12 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп жазады zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметі бойынша, таяу күндері республиканың басым бөлігінде ауырқысымды түзілімдердің жылдам өзгеруі күтіліп отыр. Синоптиктер жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) болады деп болжады, оңтүстікте жаңбыр жауады, жел күшейеді.

"Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Сондай-ақ температура төмендейді деп болжанды:

  • батыс аймақтарда түнде -5+7°, күндіз +5+18°,
  • Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде -5+5° дейін,
  • күндіз +5+13° дейін.