СҚО-да шенеуніктер жасалмаған жолға миллиондаған ақша төлеген

0
693

Прокурорлар бюджеттің 360 млн теңге шығынның алдын алды.


СҚО-да шенеуніктер жасалмаған жолға миллиондаған ақша төлеген

ERNUR.KZ. СҚО прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзылғанын анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақжар ауданының Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

«Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған аталған сатып алулар жойылды, нәтижесінде 363 млн теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді.
Басқа жағдайда, осы ауданда ауылдық округ әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн теңге көлемінде төлем жүргізген», - делінген СҚО прокуратуасының хабарламасында.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.