СҚО-дағы екі баланың өлімі: Апелляция мен министрдің қарсылығына қарамастан сот медбикені кінәлі деп тапты

0
105

Маусым айында медбике Айдана Бейсембаева кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.


СҚО-дағы екі баланың өлімі: Апелляция мен министрдің қарсылығына қарамастан сот медбикені кінәлі деп тапты

Фото: Tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында тамақтан уланып қайтыс болған балалардың ісіне (реплай) қатысты тергеу аяқталды, деп жазады stan.kz.

Маусым айында медбике Айдана Бейсембаева кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған еді. Айыпталушы мен оның туыстары бұл үкіммен келіспей апелляциялық шағым берген.

Қайғылы жағдай өткен жылы Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында болған. Коваленколар отбасы тамақтан уланып қалған – тұшпара жеп, газдалған сусын ішкен. Олар жергілікті медициналық орталыққа көмек сұрап жүгінген. Медбике науқастарға бірнеше рет барып, асқазандарын жуып, дәрі салып, дене қызуын өлшеп, белсендірілген көмір берген.

Алайда келесі күні таңертең үш жасар Василий үйінде көз жұмды. Оның алты жасар әпкесі Алиса көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілгенімен, қызды аман алып қалу мүмкін болмады. Үшінші бала Кирилл мен анасы да ауыр халде болған. Дәрігерлер оларды әрең аман алып қалған.