СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

0
575

Карантин шарттары бойынша тұрғындар мен автокөліктердің қозғалысы барынша шектеледі.


СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

ERNUR.KZ.Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданындағы он елді мекенде құс тұмауына байланысты карантин енгізілді, деп жазады Петропавловск.news.

Карантиннің Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, сондай-ақ Шал ақын, Мүсірепов, Жұмабаев аудандарында енгізілген.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраевтың айтуынша, карантин шарттары бойынша тұрғындар мен автокөліктердің қозғалысы барынша шектеледі.

Басылымның мәліметінше, карантин құс тұмауының соңғы жағдайынан 21 күн өткен соң ғана алынады. Облысқа елордадан мамандар келген.

Еске салайық, мұның алдында СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауы тіркелгені хабарланған еді.

Бөлісу