​Солтүстік Қазақстанда айына 500 тонна сұйық сабын шығарылады

0
1 390

Өндіруші солтүстікқазақстандық сабынның бағасы арзан, әрі сапасы да импорттық тауардан кем түспейді.


​Солтүстік Қазақстанда айына 500 тонна сұйық сабын шығарылады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстандағы «Радуга» ЖШС сұйық сабын өндіре бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ай сайын жергілікті тауар өндіруші 100 тонна сұйық сабын шығарып жатыр. Нарықта сұранысқа ие өнімді өздері өндіреді. Оның сыртқы қаптамасын да өздері жасап шығаруда.

«Ыдысты жасап шығару үшін полимерлер қолданып жатырмыз. Қазір бөтелке үшін шикізат өндіретін технологияны жасаудамыз. Заманауи атауы Bottle in Bottle. Пэт-бөтелкелерді жинап, оны қайта өңдейміз және олардан қаптама жасаймыз», - деді «Радуга» ЖШС зауытының директоры Евгений Ли.

Компания сабын жасау үшін шикізатты Қазақстанда және көрші Ресей өңірлерінен сатып алады. Экспортқа өнімнің 15% кетеді.

«Біз тұрмыстық химия фабрикасын ашып, қатты сабын өндіруді бастауды жоспарлап отырмыз. Мұндай өндіріс Ресейде бар, бірақ Қазақстанда жоқ. Жабдықтарды сатып алдық. Оны монтаждау үшін Қытайдан мамандар келе жатыр. Шілдеде өндірістік қуаттылыққа шығуды көздеп отырмыз. Ай сайын 500 тонна сұйық және қатты сабын шығарамыз», - деді Евгений Ли.

Өндіруші солтүстікқазақстандық сабынның бағасы арзан, әрі сапасы да импорттық тауардан кем түспейді деп сендірді.