Солтүстікте туберкулез дертіне шалдыққан балалар саны артты

0
1 410

​Солтүстік Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов айтты, - деп жазады Казинформ.


Солтүстікте туберкулез дертіне шалдыққан балалар саны артты

фото: АИФ

Солтүстік Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасов айтты, - деп жазады Казинформ.

Былтыр есепте тұрған 99 түрлі жұқпалы және паразиттік аурудың 22 түрі бойынша науқастанғандар болмаған. Туляремия, листериоз, менингококктық инфекцияның жекелеген жағдайлары тіркелген. Сальмонеллез, өткір ішек инфекциялары, дерматомикоз және эхинококкоз дерттерін жұқтыру айтарлықтай төмендеген. «Сонымен қатар, халық арасында педикулезбен сырқаттану 2,3 есе ұлғаюы (246 жағдай) байқалды, АИВ-инфекциясы 1,7 есеге өсіп, 280 адам бұл дертке душар болған.

«А» вирустық гепатитін жұқтыру жағдайы 14 рет болса, 2016 жылы бір де бір тіркелмеген. Гельминтоз және описторхозбен ауырғандар саны артқан», - деді С.Қасмақасов. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай 8,2%-ға азайса да, ахуал ушығып тұр. Өңірде науқастық көрсеткіші республикалық орташа деңгейден асып отыр. Былтыр 18 жасқа дейінгі 22 бала жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 37%-ға жоғары. 2017 жылы тұмауға қарсы екпеге 52 миллион теңге бөлінген. Бұл 60 мың адамға екпе егуге мүмкіндік берген. Серікбай Қасмақасов жалпы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсы деп сипаттады.