Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Фото: Қорғаныс министрлігі
ERNUR.KZ EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта марқұмды анықтау және ресми тану рәсімі құзырлы органдардың қатысуымен жүргізіліп жатыр, деп жазады Skifnews.kz.
Іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, іздеу-құтқару шараларына:
Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері; Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері; Ішкі істер министрлігінің арнайы бөлімшелері; Басқа да мемлекеттік құрылымдардың техникасы мен мамандары жұмылдырылған.Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізіліп жатыр.