Спорт министрі марафондағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

0
140

Министрдің айтуынша, енді марафондарды ұйымдастыру талаптары күшейтіледі.


Спорт министрі марафондағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынова Алматыда екі адамның қазасынан кейін марафондарды ұйымдастыру талаптары күшейтілетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
"Қазіргі уақытта оқиға бойынша толыққанды тексеріс жүргізіліп жатыр. Қатысушылардың денсаулық жағдайы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты сарапталады. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс", - деп жазды Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Туризм және спорт министрлігі нақты ұсыныстарды да әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайтын болады.
Күні кеше Алматы қаласында өткен жартылай марафонға қатысқан екі адам қайтыс болды.