Студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады

0
444

Бұл шара Батыс өңірінің тұрғындарының сұранысына байланысты қолға алынған.


Студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады

ERNUR.KZ. Оқу жылы қарсаңында студенттерді тасымалдауға арналған қосымша вагондар іске қосылады, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның мәліметінше бұл шара Батыс өңірінің тұрғындарының сұранысына байланысты қолға алынған.
"Пойыздар Ақтау және Атырау қалаларынан шығып, Алматы қаласына дейін студенттерді тасымалдайды. Кондиционері бар жаңа вагондар жазғы уақытта еліміздің аумағы бойынша басқа бағыттарға қатынайды, сол себепті жоғарыда аталған вагондарда кондиционер жүйесі болмайды", - дейді министрлік.
Маршруттарға нақты тоқталсақ: Ақтау-Алматы бағытында қосымша 360 жолаушыға арналған 8 жолаушы вагоны қатынайды. Бұл бағыттағы вагон 21 тамыз күні Ақтаудан шығып, 23 тамыз күні Алматыға жетеді. Атырау-Алматы бағытына теміржолшылар қосымша 3 вагон қосады. Бұл вагондар 540 жолаушыға арналған.
Атырау-Алматы бағытында пойыздар 16,18,20,22 тамызда қатынайды. Студенттер Ақтау және Атырау қалаларының вокзалдарынан теміржол билеттерін сатып ала алады.
Студенттердің өтінішіне сәйкес Көлік министрлігі қосымша вагондар тіркеуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жаңа вагондар паркі 140 бірлікке жаңартылады. Келесі жылы тағы 226 жаңа вагон келеді. Вагондар паркін жаңарту жұмыстары жалғасуда.